#qyzylordatv

Арал ауданы, Қосжар ауылындағы Қамыстыбас балық питомнигінде мамандар заманауи цифрлық технология қолданып жатыр. Мәселен, тоғандардан жиналған балықтарды санау үшін жаңа қондырғы қолданыла бастады. Цифрлық технологияның тиімді тұсы қайсы? Су айдынарына балық жіберу науқаны қалай жүріп жатыр? Әріптесім Елдос Асан балықшылардың қоңыр күздегі қызу тірлігімен танысып қайтты.

ЕЛДОС АСАН ¬– ТІЛШІ //// Қамыстыбас питомнигінде қызу тірлік басталды. Мамандар Сырдария және де Кіші Арал теңізіне, Қамбаш көліне биыл 12 млн бір жаздық, 420 мың екі жаздық шабақтарды жіберуді жоспарлап отыр. Бізде қарап қалмай мамандарға қолғабыс қылудамыз.

 Шыны керек, шүпірлеген шабақтды санап шығу оңай емес. Бұл ретте, жаңа технология мамандардың жұмысын жеңілдетпек. Қазір арнайы құрылғыны сынақтан өткізіп жатыр.

 ЕСЕНБАЙ ЕСІРКЕПОВ – АРАЛ-СЫРДАРИЯ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ////Бельгиядан шығарылған тірі балық санайтын аппарат келген. Тірі балықты санауды сынақтан өткізіп тұрмыз. //// Аппаратымыз толыққанды санайтын болса тиімділігі мол болады.

ЕЛДОС АСАН ¬– ТІЛШІ //// Лағылдай жарқырап, шүпірлеген мына балықтар Қамыстыбас балық питомнигінде бапталған. Мұның әрқайсысы тарыдай ғана уылдырықтан өсіп-жетілген. Енді міне су айдынына жіберіліп, елдің несібесі еселенуде.

Осылайша тынымсыз еңбектің арқасында су айдындарында балық саны арта түсті. Деседе, теңіз бен тоғанды салыстырғанда тіршілік мүлде басқа. Судың тұздылығы мен үлкен балықтардан келетін қауіп көп.

НҰРЛАН САМБАЕВ ¬– «БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ» АРАЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ /// Тәжірибе бойынша жылда біз енді өсімін жоғары байқап жатырмыз. Ғылыми зерттеу Кіші Аралда жүргізген жмұыстарымыз бойынша //карб, сазан, толстолоб, амур балықтарының өсіп кележатқаны белгілі. Соған қарап пайызын айтатын болсақ, 30-40 пайызға бейімделіп, 30-40 пайызға өсімі мол деп айтуға болады. // Соңғы ғылыми зерттеу жұмыстарының есебі бойынша қазір Кіші Арал теңізінің тұздылығы 8-9 промиллде.