#qyzylordatv

Облыс орталығында «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында XII Азаматтық форум өтіп жатыр. Аталған форум аясында Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылында секциялық жиын болды. Басқосуда ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі талқыланды.

Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар, үкіметтік емес ұйым жетекшілері және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Делегация мүшелері алдымен ауылдың тыныс- тіршілігімен, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Секциялық отырыста азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылуы, «Үкіметтік емес Ұйымдардың» заң жобасын талқылау процесі, жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігі, ауылдық бастамаларды қолдау тетіктері және мәдени мұраны сақтау арқылы ауылды дамыту сияқты тақырыптар кеңінен талқыланды.

Жалпы мұндай басқосулар өңірдің азаматтық қоғамының жетістіктерін қорытындылап қана қоймай, өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларға жол ашады.