#qyzylordatv

Үш жарым жылдың бедерінде «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры еліміздің әр аймағында жүздеген шетін мәселенің шешілуіне ұйытқы болды. Соның ішінде Сыр өңіріндегі бастамалар бір төбе. Бүгінге дейін бұл қордың қолдауымен аймақта 10 миллиард теңгеден астам қаржыға 24 жоба жүзеге асырылды. Қомақты қаражат қай салаларға бағытталып отыр? Нақты нәтижесі қандай? Әріптесім Елжас Әбділда арнайы ұйымдастырылған баспасөз турында қордан қолдау тапқан мекемелер жұмысымен танысып қайтты.