#qyzylordatv
«Инвестиция тарту ісін жандандыру, жаңа өндіріс орындарын ашу – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға қызмет етеді». Президент өз Жолдауында осылай деді. Осы бағытта өңірімізде қандай тындырымды тірлік атқарылып жатыр? Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің төрағалығымен аймақтағы бақылау және қадағалау органдары бизнес-қауымдастық алдында есеп берді.
Ардақ Зебешевтің айтуынша, бүгінде мемлекет тарапынан аймақ экономикасын әртараптандыруға жан-жақты қолайлы жағдай жасалған. Экспортқа бағытталған және шикізаттың емес өңдеу өнеркәсібін құруға бағытталған жұмыстар өңірде кезең-кезеңімен атқарылуда. Алдағы бесжылдықта құны 2 трлн 700 млрд теңгені құрайтын 89 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде өңірімізде 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.
АРДАҚ ЗЕБЕШЕВ –ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
//Биылғы жоспарымызда 302.5 млрд теңгені құрайтын 27 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның бесеуі қазір іске қосылды. Шамамен он млрд тг құрайтын, олардың ішінде +заманауи кірпіш зауыты, ол біздің өңіріміздің 90 пайыз жергілікті кірпішпен қамтамасыз етеді. Яғни 90 млн дана кірпіш шығарады жылына және шағын өнеркәсіптік аймақтар. Оның біреуі қазір Тұмар деген шағын өнеркәсіп аймағы+ коммуналдық базар және Орхун медикал медициналық зерттеу орталығы/
Жиында құрылыс нысандарын заңдастыру, онлайн салық тексерулер, санитарлық талаптар, жекеменшік білім беру ұйымдарын қаржыландыру және өндіріс аймағындағы экологиялық проблемалар туралы кеңінен талқыланды.