#qyzylordatv
Қала күні мерекесіне орай «Қызылорда – жастардың қаласы» атты мерекелік концерт өтті. Өнерлі жастар әуелете ән шырқап, орталық алаң думанға бөленді.
Қызылорданың сәні мен сәулеті келісіп, шаһардың өзіндік эстетикасы қалыптасып, құлпыра түскені рас. Талантты жастар туған жердің ерекшелігін жырға қосып, қала тұрғындары оларға қосылып ән шырқады.
САМАЛ ЖҰБАНДЫҚОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ, КЛУБТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ҰЖЫМДАР ММ ӘДІСКЕР МАМАНЫ
Биыл қаламыздың астана болғанына 100 жыл толып отыр. Осы 100 жылдық мереке аясында қаламызда түрлі мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Бұл концерттің барысында қаламыздың жас өнерпаздары өнер көрсетіп, белсенділік танытқан жастарға Қызылорда қаламыздың тарихы жөнінде сұрақтар қойылып, жақсы жауап беріп, белсенділік танытқан жастарымызға сыйлықтар ұйымдастырылған.
Шара барысында шаһардың тарихы туралы сұрақтар қойылып, тұрғындарға сыйлықтар табысталды. Олардың арасында өзге өңірден келген қонақтар да бар.
НҰРБАҚЫТ НҰРБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Әсерім күшті керемет. Концерт керемет өтіп жатыр.Қаламыз жылдан жылға керемет дамып жатыр. Көптеген ғимараттар, жастардың орталығы, стадион салынып жатыр. Көптеген жақсы жерлер слынып жатыр жастарға үлгі болатын. Жылдан жылға құлпырып жатыр Қызылордамыз.
АРЫСТАНБАЙ НҰРЖАУСЫН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бұл кеш бәрімізге ұнап жатыр.Қызылорда күннен күнге гүлденіп келе жатыр. Бүгінгі жастар кешінде өзім подарка ұтып алдым. Қызылорда, біз сені жақсы көреміз!
Қызылорда кеші көңілді. Мерекелік шарада жас та, жасамыс та, кішкентай бүлдіршіндер де ән салып тұрды. Бұл бір күндік думанның әсері ғана емес, қала тұрғындарының қуанышы әрі ертеңге деген сенімінің белгісі екенін байқадық.