#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы
Қызылордада «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Адал еңбек – адал азамат» атты еңбек күніне арналған жиын өтті. Салтанатты шарада қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Сондай-ақ бұл күні «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 арнайы коммуналдық техника және қаржылай сыйақы табысталды.
Президент «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбеккеш және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек», - деген болатын. Қоғамда еңбек адамы қашан да қадірлі. Алдымен көпшілік мемлекеттік грант алушылардың көрмесімен тамашалады. Қайтарымсыз қаржыға қол жеткізген тұрғындар кәсіп ашып, өздері өндірген өнімдерді таныстырды. Мұнан соң облыс әкімі адал ісімен көпке үлгі болып жүрген азаматтардың еңбегін жоғары бағалап, оларға құрмет көрсетті.
Еңбек адамдарын ұлықтау жиынында әр номинация бойынша қаржылай сыйақы табысталды. Атап айтсақ, «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы» номинациялары жеңімпаздар анықталды. Солардың бірі – шиелілік Гүлсім Дәрібаева. Егіс басында адал еңбекті таңдап, елдің несібесін қамдап жүрген нәзік жан «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» атанып отыр. «Ақмая» шаруа қожалығында 40 жылдан бері еңбек етеді. Шаруашылық биыл 1300 гектар жерге Сыр салысын еккен.
Үздік еңбек әулеттерінің бірі – Бердімағамбетовтер. Төрт атасынан бері шопан ата түлігін түлеткен отбасы қазір қой шаруашылығын өрістетіп келеді. Бес адамды жұмыспен қамтып отыр.