#qyzylordatv

LRT желісі бойынша алғашқы пойыз келесі аптада жолаушыларды тасымалдай бастайды. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мәжіліс отырысында айтты.

Оның сөзінше, бірінші жеңіл рельсті көлік Абу-Даби станциясынан Мәңгілік Ел көпірі бағытында жолға шығады. Алдағы 3 ай мен 6 аралығында тестілік режимде қатынайды. Қазан айында тағы 8 пойыз қосылады. Ал, желтоқсанның соңына дейін барлық уәде етілген 18 пойыз жүреді. Соған сай, жұмыс уақыты ұзарады. Жол ақысы 200 теңгенің төңірегінде болады,-деді шаһар басшысы.