#qyzylordatv

Аймақтың денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосқан дәрігер Бисенкүл Кәрібаева 70 жасқа толды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мерейтой иесін қабылдап, құрмет көрсетті.

 Бисенкүл Өтегенқызы еңбек жолын 1979 жылы №2 Қызылорда қалалық емханасында дәрігер болып бастаған. Іскерлігі мен біліктілігінің арқасында бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігер қызметіне дейін көтерілді. Сонымен қатар, № 5 қалалық емханада, иммунтапшылығы синдромымен күрес орталығында бас дәрігер болып, елдің алғысына бөленді. Тәжірибелі дәрігер зейнет демалысына шықса да ізіне ерген жас мамандарға өзінің бар білгенін үйретіп келеді. Аймақ басшысы Бисенкүл Кәрібаеваны жетпіс жасқа толған мерейтойымен құттықтап, облыстың Құрмет грамотасын табыстады.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ \денсаулық – басты байлық ұстанымын берік ұстанып, адам жанының арашасы, мейірім мен ізгіліктің жаршысы болған ақ халатты абзал жандардың еңбегі қашанда ерек.... \