#qyzylordatv
Елімізде «Халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында «Мамандығым – болашағым» жобасы жүзеге асуда. Мұндағы мақсат – әр өңірдің еңбек нарығындағы өзгерістерді зерттеп, сұранысқа ие мамандық иелерін даярлау. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде осы жоба аясында форсайт-сессия өтті. Жиынға жоғары және арнаулы оқу орындары мен өнеркәсіп саласының өкілдері қатысып, «Болашақта қандай мамандық иелеріне сұраныс болады?» деген сауалға жауап іздеді.
Алдын ала жүргізілген аналитикалық талдау жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, аймақтың ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс саласында білікті мамандар тапшы. Соның ішінде агродрон құрастыратып, оны басқара алатын, жасанды интелектімен жұмыс істеп, өндірістің шығынын азайта алатын кадрлар керек. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті осы бағытта жүйелі жұмыстарды қолға алған.
БЕЙБІТКҮЛ КӘРІМОВА, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР \Мамандықтар атласын жасауда инвестициялық жобалардың барлығын ескере отырып жасауымыз керек. Біз университеттің даму бағдарламасын жасаған кезде мүмкіндігінше осы осы жағдайлардың барлығын ескердік. Келешек бізге мамандар даярлауда шетелдік әріптестер іздеудеміз. Мысалы үшін Катар университетімен бірлесіп жасанды инт.бағытында оның ішінде нақты салалар бойынша өзіміз ұсындық мысалы ТЭЦ салынып жатыр. Электрэнергетика мамандарын бірлесіп дайындау мақсатында ұсыныс жасадық...\
Соңғы жылдары Сыр өңірі ауыл шаруашылығынан өндірістік индустриялды аймаққа айналып келеді. Сондықтан облыстағы кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары заман талабына сай, сұранысқа ие жаңа мамандық иелерін оқытып, білікті кадрларды даярлауды қолға алу керек. Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бекжан Есенбаев осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Алдағы уақытта Қызылорда облысының жаңа мамандықтар атласы жасалып, Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолданады. Қолдау тапқан жағдайда өңірдегі жоғары және арнаулы оқу орындарында біліктілік бойынша қосымша мамандықтар ашылады. Тиісінше оқытушылар қайта даярлаудан өтіп, білімін жетілдіреді.