#qyzylordatv

24 қазан - кітапханашылар күні. Осыған орай Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада мерекелік іс-шара өтті. Мақсат - кітапханашылардың беделін арттырып, рухани салада еңбек етіп жүрген кәсіби мамандарды ұлықтау.

 Мерекелік жиында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен барлық аудан және қала кітапханаларының өкілдері бас қосты. Басқосуда кітапханашылар өз ерекшеліктеріне сай креативті идеяларын ұсынды.

 ГҮЛЖАХАН ЮСУПОВА – Ә.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБЕП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

//Кәсіби мерекемізге орай мәдениет ақпарат министрінің мәдениет саласы үздігі төс белгісімен марапатталдым. Әрине өте қуаныштымыз. Соңғы кезде кітапханаға деген оң көзқарас кітапханаға деген жаңа бетбұрыс қатты байқалады. Бұған біздің кітапханашы әріптестеріміздің жасап жатқан еңбектері шығар деген үміттеміз. Кітапхана саласында қазір цифрлық дәуір болғандықтан барлық біздің кітапхана қорындағы құжаттарымыз, сандық форматқа көшірілуде. Біздің облыстық Әбділда Тәжібаев атындағы кітапхана қорында дәл қазіргі таңда 450мыңға жуық кітап қорымыз. Жалпы барлық сирек қоры кеңес дәуіріндегі жергілікті басылымдарымыз толықтай цифрлық форматқа көшірілді//

 Сала мамандарының айтуынша, соңғы жылдары кітапхана қызметі жаңа бағытта дамып келеді. Әсіресе цифрландыру ісі қарқын алған. Қордағы сирек кітаптар мен жергілікті басылымдар электронды форматқа көшірілуде. Кітапханашылардың пікірінше мұндай артықшылықтар оқырман қатарын көбейтуге ықпал етеді.

ИНДИРА НАЗАРОВА - ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

/ Кітапхана білім мен тәрбие, тәртіп пен біздің тарихтың руханияттың тоғысқан киелі мекені. Заман өзгерседе біздің құндылығымыз ешқашан өшкен емес. Бүгін мынау менің алып жатқан керемет марапатым барша кәсіби мерекесі болып жатқан әріптестерімнің марапаты деп ойлаймын. Қазалыда 26 кітапхана рухани қызмет атқарып жатыр. Мынау бүгінгі заманауи креативті жастар мен болашақтың барлық бүгінгі заманауи QR кодпен онлайн форматта орналасқан планшетпен де әрбір кітапты QR кодқа салып кез-келген жерде оқи алатындай мүмкіндік жасалды.

ГҮЛБАНУ КҮЛМАШОВА - АРАЛ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

// Бұл шараға аудан бойынша барлық кітапханашылар жүйесі өздерінің ерекше жобаларын алып келіп отыр. Арал ауданы да бүгінгі мерекеге арнап, аудан бойынша 39 кітапханамыздың ерекше креативті жаңаша жобаларын, жұмыстарын алып келіп, оқырман қауымға ұсынып отырмыз. Атап айтқан да, қонақжай кітапхана, новигатор кәсіптік бағдар беру жобалары, парақтайм оқырмандар клубы, балалар кітапхнасының библиоша, эрудит, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар және библиотерапия жобалары сондай-ақ өлкетану жобларына арналған көптеген жобаларымызды алып келіп, таныстырып отырмыз. Жобалардың негізгі мақсаты - әр парағы сырғы толы, әр беті шабытқа толы әдебиет әлеміне қоғам назарын аудару, кітап оқу мәдениетін дамыту. Осы жобалар арқылы кітапхананың қай заманда болсын, кіьап оқу мәдениетін ешқашанда төмен түспейтінін, кітап оқу мәдениеті әрқашанда жоғары да болатынын көрсеткіміз келеді.

 Көрмеге ұсынылған жобалар мен бастамалар оқырманды кітапқа қызықтырып, қоғамда оқу мәдениетін дамытуға бағытталған. Кітапхана - тек білім мен ақпараттың емес, руханият пен мәдениеттің де орталығы екенін тағы бір дәлелдеді.