#qyzylordatv #республикакүні
Егемендік декларациясы – елдікке, тәуелсіздікке бастайтын құнды әрі тарихи құжат. Сондықтан Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында Республика күнінің маңызы зор. Президенттің 25 қазанды ұлттық мереке деп бекітуі бекер емес. Мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы Республика күні елімізде кең көлемде тойлануы керек,-дейді.
МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ \Егемендікті қабылдаған кезде біз ССР деген үлкен империяның құрамында болдық. Көп халық шатасады егемендік пен тәуелсіздіктің арасында үлкен айырмашылық бар. Егемендік үлкен империяның құрамындағы автономия ретінде көрдік. Бұл экономикалық жағынан автономия алдық, кейбір құқықтық мәселе бойынша автономия алдық. Сондықтан да егемендік тәуелсіздіктен бір қадам алда болды. Ал, шын мәніндегі тәуелсіздігіміз 1991 жылы 16 желтоқсаннан басталды. Егемендік деген сөзді қарап көрсек «егелік» деген сөз. Біз сол егемендікті ала отырып, көптеген мәселелерді өзіміздің ішінде шешуге мүмкіндік алдық. Егемендік тәуелсіздікке апаратын тура жол болғандықтан бұл ерекше мейрам болып саналады. Сондықтанда біз үшінші жыл қатарынан жоғалтып алған мейрамымызды қайтадан қалпына келтіріп, тойлап жатырмыз. Өзіміздің жерлестерімізді ұлттық мейраммен құттықтаймын\