#qyzylordatv
Өңірдегі облыстық психикалық денсаулық орталығында маскүнемдік пен алкогольге тәуелділіктің алдын алу мақсатында семинар өтті. Басқосуда ішімдікке тәуелділіктен арылу жолдары талқыланды.
Семинарға орталық мамандарымен қатар, құқық қорғау органдары мен отбасы істері жөніндегі ұйым өкілдері қатысты. Мамандар маскүнемдік – қоғамға қауіпті дерт екенін айтып, ерте емделудің маңызын атап өтті.
АМАН ТҰРСЫНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Негізгі мақсат халыққа осы проблеманы түсіндіру және де облыс көлемінде анонимді алкоголиктер қоғамының ашылуына байланысты халыққа түсінік беру. Жалпы маскүнемдік дегеніміз – бұл ішімдікті шамадан тыс пайдалану нәтижесінде туындайтын психикалық және физикалық тәуелділік болып саналады. Жалпы ішімдікті ішіп шамадан тыс пайдалану басталғанның өзінде міндетті түрде нарколог кеңесіне жүгіну керек болады. Яғни, бұл аурудың бастапқы сатында емделсе адам түбегейлі жазылып кетеді. Негізгі біздің орталық жалпы профилактикалық шаралармен айналысады.Осы аурумен ауырған адамдарда емдеумен және оларды оңалту шараларын жүргізеді. Бұл аурудан қорқудың қажеті жоқ , міндетті түрде ерте келіп ерте емделсе емі нәтижесі бірден көрінеді. //
Қазір облыс бойынша маскүнемдік диагнозымен 5300-ден астам адам есепте тұр. Мамандар аурудың жасарып бара жатқанын айтады.
ӘСЕЛ ӘБІШ - ПСИХОЛОГ
//Қазіргі кезде ең басты біздің мемлекетімізде емес барлық дүниежүзінде проблема осы араққұмарлықпен күрес. Енді наркология саласында жұмыс жасағандықтан кейін бұл үлкен мәселе, үлкен проблема. Қазіргі кезде енді біздің орталықта ол проблеманы шешу жолдарын іздеп жатырмыз. Мақсаты да сол жалпы маскүнемдіктің бұл дерт екендігін және де бұл дерттің ұдайы өсіп келе жатқандығын жалпы бұл мәселенің біздің халқымыздың арасында ұдайы өршіп келе жатқандығы және де жас аралығында жасарып келе жатқандығын біз дабыл қағып айтқымыз келіп жатыр. Өйткені әрбір жанұяны осындай маскүнемнің болуы біздің ол әрине үлкен өмірімізге кері септігін тигізеді. //
Семинарға қатысушылар алкоголизмнің алдын алу және қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.