#qyzylordatv

Аймақта қылмыстық құқық бұзушылықтар 1,3 пайызға төмендеген. Десе де, облыстық полиция департаментінің алдында әлі де ділгір мәселе жетерлік. Департамент бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев журналистермен кездесіп, 9 айда атқарылған жұмыстарды айтып берді. Брифинг барысын әріптесім Елдос Асан баяндайды.

 Ғаламтор арқылы қаржысынан қағылғандар жөнінде қанша айтылса да, құлақ аспайтындар көп. Желіге желімдей жабысқан жұрт соңғы жылдары алаяқтардың қақпанына жиі ілінген. Сондықтан, киберпол қызметі қылмыстың алдын алу мақсатында алаяқтық белгілері бар 5 мыңнан астам сайт пен сілтемені анықтап, бұғаттау үшін «Кибернадзор» жүйесіне енгізген. Бұдан бөлек, алаяқтық жолмен азаматтардың ақшасын жымқырған қылмыстық топтар құрықталған.

Қоғамда нашақорлық белең алып барады. Биыл полицейлер 250-ге жуық құқық бұзушылықты анықтап, заңсыз есірткі айналымын әшкереледі. Оның ішінде тыйым салынған заттардың саудасына қатысты 95 қылмыстық іс және 142 теріс қылық бар. Сондай-ақ, есірткіні жарнамалайтын «граффити» суреттер өшіріліп, 1120 сайт бұғатталған.

СЕРІК ТОҚТЫБАЕВ – ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ //// Жалпы, 66 есірткі өсіру, 22 есірткі өткізу, 5 есірткіні жарнамалау, 1 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау және бір есірткіні тұтыну деректері анықталды. Заңсыз айналымнан 1 тонна 570 килограмм есірткі заты тәркіленді. Үй жағдайында сора өсімдігін өсірген 5 фитозертхана анықталды. Ағымдағы жылы «меф» және «a-PVP» синтетикалық есірткі затын аса ірі мөлшерде тасымалдаған Қызылорда және Маңғыстау облыстарының тұрғындары құрықталды.

 Аймақта жыл басынан бері жолда жүру ережесін бұзудың 236 мыңға жуық дерегі тіркелген. Шын мәнінде, көп жағдай көлік жүргізушілерінің өзіне байланысты болып отыр. Мәселен, анықталған бұзушылықтардың 13 мыңнан астамы жол апатына тікелей әсер ететін фактілер, дейді мамандар. Сондықтан, тәртіп сақшылары тарапынан қауіптің алдын-алу шаралары үздіксіз жүргізіліп келеді. Десе де, нәтиже көңіл көншітпей отыр.

СЕРІК ТОҚТЫБАЕВ – ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ //Жжол көлік оқиғалар саны 107,6 пайызға, онда жарақат алғандар саны 122,3 пайызға өсті. // Жол көлік оқиғасының өсуінің тағы бір себепкері Қызылорда-Ақтөбе бағытындағы тәуілігіне 10 000 автокөлік жүріп өтетін респубилкалық маңызды тасжолдың екінші катигориялы болуы және де соғы бес жылда көлік санының өсуі себеп болуда. Адам қазана орын алған 75 жол көлік оқиғасының 33 пайызы Қарабұтақ, Қызылорда, Шымкент екінші тасжолында орын алған.// аталған бағытта шетел азаматтарының көлік құралын басқаруымен 19 жол көлік оқиғасы орын алды. Онда 13 адам қаза болса, 31 адам деге жарақатын алған. //Өкінішке орай балалардың қатысуымен 393 жол көлік оқиғасы тіркелген. 384-і түрлі дене жарақатын алған. 9 бала көз жұмды.

 Иә, балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Бақылау іс-шараларының аясында бүгінгі күнге дейін кәмелетке толмағандармен жасалған 10 000 мыңға жуық құық бұзушылық анықталған. Тиісінше, қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 275 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылыпты. Ал, бір жасөспірім Абай облысындағы ерекше режимдегі мектеп-интернатына жіберілген. Сондай-ақ, 203 жасөспірім мен 178 қолайсыз отбасы есепке алынып, олармен жеке дара профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуда.