#qyzylordatv

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай сала мамандарының арасында спартакиада өтті. Ұжымның ұйымшылдығын арттырып, әріптестік байланысты нығайтатын дәстүрлі спорттық шараға 8 команда, 160-қа жуық қызметкер қатысты.

Әлеуметтік қорғау жүйесі – халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды саланың бірі. Бұл салада еңбек ету тек кәсіби міндет қана емес, жанашырлық пен мейірімді талап ететін жауапты жұмыс. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырған спартакиада №2 арнаулы қызметтер көрсету орталығында өтті. Мұнда қазір 500-ге жуық қызмет алушы бар.

 МЕЙРАМБЕК АБДУКАРИМОВ - №2 АРНАУЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

//Аталған шараға облысымыздағы бүкіл әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, жұмыспен қамту орталығы, басқармалар жалпы 8 команда,160-ға жуық адам қатысып жатыр. Спортшылардың барлығы жақсы дайындықпен келген. Әлеуметтік сала қызметкерлеріне осы жылдары айлық жалақылары да көтеріліп жатыр, ауылдық жерде тұратын мамандарға үй беріліп жатады. Сонымен қатар, әрдайым осындай жақсы шаралар, түрлі қолдаулар беріліп тұрады.//

 Спартакиадада қатысушылар арқан тарту, қол күрес, турникке тартылу, үстел теннисі, баскетбол, волейбол сынды спорт түрлері бойынша бақ сынады. Олардың қатарында 13 жылдан бері Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мейірбике болып жұмыс істейтін Ләззат Ахметова да бар.

 ЛӘЗЗАТ АХМЕТОВА –ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

// Басқарманың дайындаған осындай шарасына қуаныштымыз. Бірінші орындар алып жүрміз жылда. Мен өзім волейбол мен қол күресіне қатысамын. Алла қаласа бірінші орын алуға ниетіміз бар. Жылда осылай дайындай берсін. Өте қуаныштымыз. Күшті өтіп жатыр. Жақсы ұйымдастырылған. Біз қазір 12 адам келдік//

 Спартакиада қорытындысында 1-орынды №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 2-орынды №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы иеленді. Ал 3-орын Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен Еңбек мобильдік орталығына бұйырды.