#qyzylordatv
Көпбейінді облыстық ауруханадан Хадия, Хафиз, Хамза есімді үшем үйіне шығарылды. Олар осы жылы аймақта дүниеге келген алғашқы үшемдер.
«Қызым болсаң, қырымда құралайсың, Ұлым болсаң, ұлы бір мұрадайсың» деп Мұқағали ақын айтқандай әр сәбидің жарық дүние есігін ашуы теңдесіз қуаныш. Жаратқанның ерекше тартуының бірі – үшемнің өмірге келуі. 23 жастағы Әсел Сабырбаева алғашқы сәбилерін дүниеге әкелді.
ӘСЕЛ САБЫРБАЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бүгін шығайын деп жатырмыз. Жағдайымыз жақсы. Аллаға шүкір. Баста келгенде сәл ауырлау болды.Мейірбикелердің, дәрігерлердің арқасында жағдайымыз жақсарып бүгін шығайын деп жатырмыз.
Аз салмақта мерзімінен бұрын дүниеге келген нәрестелер екі аптадан астам уақыт дәрігерлердің бақылауында болдыү. Үшемнің денсаулығын жақсарту үшін мамандар жоғары сапалы медициналық көмек көрсетті. Қазір нәрестелердің жағдайлары тұрақты.
ОЛЖАС ИСКАКОВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ұлттық мереке қарсаңында облысымызда қуанышты сәт. Үшем босанып үй жағдайына қайтып жатыр. Бұл енді анамыздың алғашқы босануы. Бізде қазір перинаталдық орталықта облыстық көпбейінді орталықта аурухананың базасында босанды. Балаларды тиісті салмағына жеткізіп, үй жағдайына жіберіп жатырмыз. Біздің облыста 2025 жылғы алғашқы үшеміміз. Бірақ енді айта кету керек, жылдың соңына дейін тағы бір үшемді жоспарлап жатырмыз. Қазіргі таңда мамасы жүкті. Жалпы үшем жылына облыста 1-2 рет қана болады.
Қазақ әр сәби дүние есігін ашқанда болашағынан көп үміт күткен. Үшемдерді үйіне салтанатты түрде шығарып салу рәсімінде толассыз ақ тілектер айтылып, бөбектерге сый тарту етілді.