#qyzylordatv
Келесі жылы бюджеттен бөлінетін қаржының үштен бірі әлеуметтік салаға жұмсалады. Мәжіліс 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті. Үкімет инфляцияны тежеуге де күш салады. Қазіргі 12-13%-тен екі жылда 5-7%-ке дейін төмендету жоспарланып отыр.
ЕРБОЛАТ САУРЫҚОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ Биылғы бюджеттік жоспарлаудың өзге жылдарға қарағанда сәл ерекшелігі бар + 00 41 Жалпы әлеуметтік саланы қолдау мәселесін азайтуды жоспарладық. Өйткені әртүрлі конференциялар, неше түрлі кездеслуердің санын азайту қажет болып отыр.
Ал, шығыс көлемі шамамен 28 трлн теңге. Оның үштен бірі, яғни 10 трлн 700 млрд теңге әлеуметтік салаға жұмсалмақ. Соның ішінде 6 трлн 800 млрд теңге зейнетақы мен жәрдемақыға бөлінеді. Ал медицинаға 2 трлн 700 млрд теңге қарастырылған. Бұл биылғы жылдан 107 млрд теңгеге көп. Білім саласына 902 млрд теңге, сондай-ақ спортты дамытуға 263 млрд бағытталады.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ \Бұл жолы бюджет мемлекеттік жоспарлаудың реформалардың нәтижесінде қалыптасқанын айта кеткен жөн. Бюджет жобасы ұзақ жылдан бері алғаш рет Ұлттық қордан қосымша нысаналы трансферттерсіз әзірленіп отыр. Бұл толыққанды Ұлттық қордың қолдауынсыз бюджет дайындадық деген сөз\
ЕРЛАН САЙЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ Бюджет кодексінде нақты шығыстарды талдаудың бюджеттік, стратегиялық және инвестициялық түрі болу керек деп тайға таңба басқандай жазылған. Бірақ өкінішке қарай депутаттарға әкелген кезде бюджеттің тек сандық көрсеткіштері болды. Үкімет басшылығының құлағына алтын сырға.
Жұманғарин жүйенің жолға қойылмағанын жоққа шығармады. Бірақ Қаржы министрлігімен бірлесіп, бұдан былай бюджетке мұқият талдау жасап, үнемдеуге болатын қосымша резервтерді қарастыратынын жеткізді. Осылайша, жалпы ішкі өнімді орташа есеппен 5,3 процентке жеткізу көзделіп отыр. Үкімет инфляцияны да тежемек. Олжас Бектенов бұл ретте арнайы жоспар түзілетінін айтты.
Бұдан бөлек, республикалық бюджеттен өңірлерді дамытуға енді жылдағыдан көп ақша бөлінуі мүмкін. Депутаттар қосымша 30 млрд теңге қарастыруды ұсынды. Ал «донор» 4 өңірдің қатарына Маңғыстау облысы қосылмақ. Осы өңірдегі өндіріс орындарынан келген табысқа басқа облыстардағы жылу, электр желілері жаңғыртылады.