#qyzylordatv
Өнерге шексіз іңкәрлік — жүректен туатын қасиет.Талсуат ауылдық округінің Мәдениет үйінде өткен «Әнiмен жүректі тербеген» атты шығармашылық кеш осындай шынайы сезім мен шабытқа толы сәттерге арналды.
Кеш иесі — өмірін өнермен өрнектеген Күлпәш Күншығарова. Бала кезінен сахнаға ғашық болған ол бүгінде арбаға таңылса да, өмірге деген құштарлығы мен өнерге адалдығын жоғалтқан емес. Кеш барысында Күлпәш Күншығарова өз шығармашылығын тыңдарманға тарту етіп, өнердің адам жанына қуат берер тылсым күш екенін тағы бір дәлелдеді.
КҮЛПӘШ КҮНШЫГАРОВА – І ТОП МҮГЕДЕГІ
//Бүгін енді әнімен жүректі тербеген деген атпен шығармашылық кешімді өткізейін деп жатырмын. Өзім енді студенттік шақта сыр сұлуы ансамбльінің белді мүшесі яғни биші болдым. Маған бұл әншілік бишілік әкемнен анашымнан берілген. Әнге деген менің қызығушылығым жас кезімнен басталды. Күләш Байсейітованың әні (гәкку) деп үйде пол жуып жүрсемде, ыдыс аяқ жуып жүрсемде гәккуді айтатынмын. Содан кейін Бибігүл Төлегенованың әндерін, Роза Бағланова апамыздың әндерін жақсы көретінмін. Содан жылдар өте келе арбаға отырып қалған кезімде барып сәті түсті. Ретро фестивальге қатысып Жалын Жүсіпов екеуміз бірінші орынды алдық. Ең бірінші концертімді 2018 жылы осы Асқар Тоқмағамбетов атындағы кіші театрда ең бірінші рет концерт бердім. Содан бер жылда жылда концерт беріп келе жатырмын. Қазіргі таңда параби спорттық би бар ғой, сол биді қолға алдым. Осы Қызылордадағы арбадағы бишілердің бәрі менің бишілерім.