Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарау жаңа Ата заң жобасына алғаш рет енгізіліп отыр.
Ал волонтерлік қызмет Конституциялық деңгейде бекітілмек. Елордалық жастар ұсыныстарының Жаңа Ата заң жобасында көрініс тапқанын мақтанышпен айтады.
НҰРАСЫЛ БЕКМАТОВ - «JASYL EL» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ
//Экология терминдарының Ата Заңның жобасына енгізіліп отырғаны бізді өте қатты қуантады. Бұл біздің ұсыныстарымыздың ескерілгендігін білдіреді. Өйткені, біз осы салада жұмыс жасап жатқаннан кейін біздің саланы жетілдіру барысында түрлі нормативтік құжаттар, кейбір жерлерде нақты заңдар да қажет болып жатады. Соны алдағы уақытта шығаратын қазіргі кезде ұсынатын кезде заң, Ата Заң жобасы бізге негіз болайын деп тұр//