Негізгі Жаңалықтар Халықаралық байқаушылардың жұмысы қызды

Халықаралық байқаушылардың жұмысы қызды

#qyzylordatv 

Сайлау учаскелеріндегі халықаралық байқаушылардың жұмысы қызды. Таңнан тәртіп пен тыныштықты бақылаған шетелдік мамандар бүгін сайлау қорытындысы шыққанға дейін учаскелерде жүреді.


Алматы ауданында орналасқан нөмірі 15 сайлау учаскесіне Грузиядан келген байқаушылар науқанды бақылап жүр. Бұл жерде 2 мың 775 адам өз таңдауын жасауға мүмкіндігі бар. Олардың арасында 90 адам саяси науқанға алғаш рет қатысқалы тұр. 


 ГЕОРГИЙ КАЛАНДАРИШВИЛИ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫ  

 Бақылаушы болғанымызбен мандатымыз шектеулі. Саясатқа араласпай тек заң мен техникалық тұрғыда бақылау жүргіземіз. Әзірге ешқандай олқылықты байқамадым. Комиссия мүшелері жақсы дайындалғаны көрініп тұр. Бірнеше учаскеге барғаннан кейін толық бағамды бере жатамын. Қазақстанға бұған дейін 2010-2011 жылдары халықаралық бақылаушы ретінде келгенмін. Сайлау деңгейі едеуір өскен


Бөлісу

Аймақтық телеарналар