«Exit poll» өкілдері сайлау учаскелерінде сауалнама жүргізіп жатыр
#qyzylordatv
Аймақтағы сайлау учаскелерінің аумағында exit poll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр. Тәуелсіз ұйым мамандары сайлаушылардың пікірін біліп, алдын ала ақпарат жинауда.
Сауалнама анонимді түрде жүргізіледі. Дауыс берушінің аты-жөні, жеке бас мәліметі тіркелмейді. Респонденттен қай партияны таңдағаны немесе дауыс беруден қалыс қалғаны туралы сұралады. Жалпы өңірде 386 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Аймақ бойынша үш зерттеу инстиутты сайлау барысынан мәлімет жинақтап, ақпаратты еxit poll-ға өткізеді. Тәуелсіз ұйым өкілдерінің айтуынша Қызылордада халықтың белсенділігі жоғары.
СӘУЛЕ ӘБІЛДАЕВА «СОЦИС-А» ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУЫНЫҢ ӨКІЛІ Біздің мақсатымыз осы дауыс беріп шығып келе жатқан кісілерден пікір сұрау. Жалпы халықтың көңіл-күйі жақсы. Өздері ынталарын білдіріп, жауап беріп жатыр. Жауап беру немесе бермеу дауыс берушінің өз еркінде.