Негізгі Жаңалықтар Ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуға ЖИ мамандары атсалысуда

Ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуға ЖИ мамандары атсалысуда

#qyzylordatv 

«Анаға тағзым» орталығында өткен «Creative Battle: AI × Ұлттық қолөнер» сайысында шеберлер Сыр өңірінің брендтік ерекшелігін айқындайтын өнімдер әзірледі. Бұл жолы ұлттық қолөнерді дамыту жұмысына жасанды интеллект мамандары да атсалысты. 


Сайыста «Creative queens», «Өрнек», «Korik-AI», «Тұмар» және «Aydia» командалары 4 кезең бойынша бақ сынады. Жоба ережесіне бойынша командалар қолөнер шебері, дизайнер және ЖИ маманынан жасақталған. 


 АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ

 Қолөнершілер ұсынған бұл өнімдер «Сырдан сый» тақырыбының аясында әзірленген. Қатысушылар екі сағаттың ішінде осындай ерекше дүниелер жасап шығарды. Айталық мына сөмке тықыр кілемнен жасалған. Сондай-ақ шеберлер Сырдың күрішін әшекейге әсемдік ретінде қолданыпты.


 Ұлттық нақыш пен заманауи стильді үйлестіріп, ерекше туындыларымен танылған қолөнершінің бірі – қызылордалық Жазира Рамазан. Шебер бұл жолы меринос қойдың жүнінен балаларға арнап күртеше әзірлепті. Табиғи материалдан дайындалған дүниенің бала денсаулығына да пайдасы зор.  


 ЖАЗИРА РАМАЗАН – ҚОЛӨНЕРШІ

Күртешенің артықшылығы ерекше балаларды қоғамға қосу мақсатында күртешенің пайдасы өте керемет. Ол баланың қан айналымын жақсартып, денсаулығына оң әсерін береді.


Қолөнер шеберлері сайыста жаңа өнімнің маркетинг тұжырымдамасын қалыптастырып, жарнамасы мен қаптамасын да дайындады. Сондай-ақ идеядан бастап, сатылымға дейінгі жолын түсіндірді. Ал соңғы бөлімде қалдық және қайта өңдеуге жарамды материалдарды пайдаланып, жаңа бұйым әзірледі.


ЖАННА АМАНОВА – ОБЛЫСТЫҚ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ

 Алты топ өз бұйымдарын көрсетті. Мысалы, трансформер сумка, кеудешелер, тұмар, ерекше балаларға арналған ойыншықтар. Мені таңғалдырғаны баяғы заманда жасалған кілемдерге жаңа өмір сыйлау деген қатты ұнады. Кілемнен чехол жасады, гаджеттерге арналған сумкаларды жасап, шопперлерді жасады. Ол нағыз қолөнерін, тәжірибесін, қолынан келетінін көрсетті. 


 Креативті индустрия – экономикадағы маңызды саланың бірі. Бүгінде аймақта мыңға жуық тұрғын креативті индустрия саласында еңбек етіп жүр.


ЖАНМҰРАТ СЕЙІЛОВ – ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Облыста 68 мыңның үстінде кәсіпкер жұмыс істейтін болса, оның 897-і креативті индустрия саласында мың адамның үстінде жұмыспен қамтып отыр. Одан бөлек Анаға тағзым орталығының жанынан креатившілер клубы ашылған болатын. Клубтың ішінде ірі кәсіпкерлердің шеберлік сағаттары, түрлі тренингтер өткізіліп жатыр.


Сайыстың жалпы жүлде қоры 1 миллион теңгені құрады. Шарада ескі кілемге екінші өмір сыйлап, оны заманауи әрі трендтегі сөмкелерге айналдыра білген «Сыр өрімі» командасы сайыстың бас жүлдесін иеленіп, 500 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықты жеңіп алды.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар