Негізгі Жаңалықтар Жаңа жолдар – жаңа мүмкіндіктер

Жаңа жолдар – жаңа мүмкіндіктер

#qyzylordatv 

Биыл республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және жаңарту бойынша 14 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың жалпы ұзындығы 3 мың 700 шақырымды құрайды. 


Осы айда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен тағы үш ірі жоба басталды. Олар – 800 шақырымдық «Бейнеу – Сексеуіл», 462 шақырымдық «Қызылорда – Сексеуіл» және 312 шақырымдық «Ұлғайсын – Сексеуіл» жолдары. Бұған қоса, «Рахман қайнарлары», «Петропавл – Ресей шекарасы» және Атырау қаласының айналма жолын аяқтау жоспарланған. Аталған жобаның жалпы ұзындығы – 70 шақырымға жуықтайды. 69,6 шақырым. Сондай-ақ, 2027 жылы «Қызылорда – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын» жолының бір бөлігі және Ертіс өзені арқылы өтетін көпір пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, Сарыағаштың айналма жолы, «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қарағанды – Жезқазған», Қызылорда қаласының айналма жолы және «Орталық – Батыс» бағыттарында құрылыс пен жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жаңа жолдар өңірлер арасындағы байланысты жақсартып, еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтпақ. Жалпы, 2020–2026 жылдары 31 мың км жол жөнделіп, қайта жаңартылды, оның ішінде 12,5 мың км республикалық және 18,5 мың км жергілікті жол.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар