Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімі дауыс берді

Облыс әкімі дауыс берді

#qyzylordatv 

Облыс әкімі Мұрат ЕРГЕШБАЕВ Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады. Ол «Құзыреттілік орталығында» орналасқан №222 сайлау учаскесінде дауыс берді. 

Жаңа ғимаратта орналасқан бұл учаскеде 2410 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде мүгедектігі бар 84 тұрғын болса, 45 азамат алғаш рет дауыс беру құқығына ие. Ерекше қажеттілігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған. Мәселен, мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы кабинада Брайль қарпімен жазылған трафарретер мен екі тілдегі аудио қол жетімді. Саяси дода барысын 9 байқаушы бақылап отыр. Ал ғимарат сыртында мерекелік көңіл-күй сезіледі.

Сондай-ақ, сайлауға келген азаматтарға бауырсақ, қымыз-шұбат ұйымдастырылған. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар