Негізгі Жаңалықтар Сексеуілде жол құрылысшылары дауыс берді

Сексеуілде жол құрылысшылары дауыс берді

#qyzylordatv 

Арал ауданында «Сексеуіл-Бейнеу» жолын салып жатқан құрылысшылар өз таңдауын жасады. «Арал-Каспий магистралі» жобасын жүзеге асырып жатқан жұмысшылардың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен солтүстік өңірдегі сайлау барысы туралы тілшіміз Әкімжан Жолтаев айтып берсін.


Тоғыз жолдың торабында орналасқан Сексеуіл кентінде 5 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Соның бірі № 231 орта мектепте орналасқан №40 сайлау учаскесі. Мұнда 1437 дауыс беруші тіркелген. Олардың арасында «Сексеуіл-Бейнеу» автожолын салып жатқан жұмысшылар да бар. Еліміз үшін маңызды әрі ауқымды жобаны жүзеге асырып жатқан құрылысшылар саяси маңызды шарадан қалыс қалған жоқ. 


Айта кету керек, магистраль Сексеуіл кентінен басталып Бейнеуге дейін екінші санатты яғни екі жолақты болады. Қазір мұнда жердің беткі қабатын алып, күре жолдың алғашқы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа жол іске қосылғаннан кейін Қытайдан Еуропаға бағытталған жүк тасымалының қашықтығы 900 шақырымға қысқарады. Демек, батыс пен шығысты байланыстырып, елдің транзиттік әлеуетін арттыратын күрежол өңірлер арасындағы алыс-беріс пен барыс-келістің көлемін ұлғайтады. 

 

ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ 

"Президент пәрменімен басталған «Сексеуіл-Бейнеу» бағытындағы жобаның әсіресе аралдықтар үшін маңызы зор. Себебі, жол құрылысы теңізді өлкенің жаңа тынысын ашып, шалғайдағы ауылдардың жол қатынасын жақсартады. Атап айтсақ, жаңа жол Ақбасты, Құланды, Қосаман елді мекендерінің үстінен басып өтеді."


Бөлісу

Аймақтық телеарналар