Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 124 теміржол вокзалы жаңғыртылады
#qyzylordatv
Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында 124 теміржол вокзалын реконструкциялау бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде 17 облыстағы 72 вокзалда жөндеу жұмыстары аяқталды. Тамыз айының соңына дейін тағы 34 вокзалды, ал 15 нысанды қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жалпы алғанда, биыл 124 вокзалдың 121-ін жаңартылмақ. Қалған үш ірі нысан – Астана, Алматы және Түркістан вокзалдары 2027 жылы аяқталады. Реконструкция барысында вокзал ғимараттары мен инженерлік желілер жаңартылып, платформалар мен вокзал маңы аумақтары жөнделеді. Күту залдары кеңейтіліп, қауіпсіздік жүйелері, лифтілер мен көтергіш құрылғылар орнатылады. Сонымен қатар жолаушылар үшін кедергісіз орта қалыптастырылады. Ал, әбден тозған нысандарда ескі ғимараттар толық бұзылып, орнына жаңа жолаушылар кешендері салынады