М.Бақтиярұлы: Парламентаризм институты жаңа кезеңге аяқ басты
#qyzylordatv
Мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы бүгін алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ – МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ Парламентаризм институты үшін жаңа кезеңге аяқ бастық. Ол бір палаталы парламенттің құрылуы. Қазір 7 партия қатысып жатыр ғой, оның ішінде негізінен бір 65-70 пайызы бұрын билікте жұмыс жасамаған, көпшілігі енді танылып келе жатқан азаматтар. Сондықтан бұл Құрылтайдың жаңару кезеңі деп толықтай айтуға болады. Әрбір азамат үшін сайлау ол ерекше бір оқиға ғой. Сондықтан да біздің халқымыз сайлауға жақсы қатысады.