Негізгі Жаңалықтар Алтын Орда тарихы: Кең көлемде зерттеу жұмысы жүргізілуде

Алтын Орда тарихы: Кең көлемде зерттеу жұмысы жүргізілуде

#qyzylordatv 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сыр өңірінің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу жұмыстарына арналған «Сырдария қалалары және Алтын Орда» тақырыбында ғылыми дөңгелек үстел өтті. 


 Жиында бір кездері аты дүркіреген алып империя Алтын Орданың тарихы, мәдениеті, халқының өмір сүру салты жайлы кеңінен айтылды. Бүгінде қазақ халқының қалыптасқан тілдік дәстүрі, салт-жоралғы мен наным-сенімдері Алтын Орда дәуірінен бері келе жатыр дейді сала маманы. 


НҰРЛЫБЕК МЫҢЖАС – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҮЙЛЕСТІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 

 Астана қаласында өткен халықаралық симпозиумда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Алтын Орда – Ұлы дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, бірегейлік» деген тақырыпта баяндама жасады. Баяндаманың қысқаша мәні Қазақ елі Алтын Орда империясының мұрагері деп баяндады. Бұл үлкен пікір, маңызды мәселе. Ендігі кезекте Алтын Орда мұрасын жеткілікті деңгейде игеру мәселесі. Біз соған атсалысып жатырмыз. Алтын Орданың алып жатқан территориясы 6 млн шақырымнан асты дедік қой, соның қақ ортасында Қазақстан. Көпшілігі түрлі нелерге қосылып кетті. Негізігі орталықты Қазақстан Республикасы алып қалды.  


 Шарада Сыр бойындағы ортағасырлық қалалардың тарихы, археологиялық зерттелуі, мәдениеті мен экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. 


СЕЙДӘЛІ БІЛӘЛОВ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Ортағасырларда Сырдарияның тек төменгі ағысында Қызылорда мен Арал теңізіне дейінгі аралықтың өзінде 60-70 жуық қаланың орны бар. Олардың барлығы бір мезгілде өмір сүрген жоқ, әрине. 12-13 ғасырларда Сыр өңірінде 15-20-ға жуық қала үздіксіз тіршілік еткен. Саураннан бастап Сығанақ, Асанас, Жент, Жанкент, Баршынкент секілді қалалар үздіксіз тіршілік етіп отырған. 


 Аймақта Алтын Орда кезеңінің ескерткіштерін кең көлемде зерттеу жүзеге асуда. Алдағы уақытта да бірнеше көне қалаға қазба жұмысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде Жанкент маңындағы Мыңтөбе де бар.


Бөлісу