Негізгі Жаңалықтар Президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізді

Президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізді

#qyzylordatv 

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Лаос Президенті Тхон-глун Сисулитті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, қос мемлекеттің әнұрандары шырқалды.


 Мұнан кейін президенттер келіссөз залына барды. Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Лаос Президентінің Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапарын тарихи оқиға деп атады.Президент Лаосты Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктесі деп санайтынын жеткізді. Сондай-ақ Лаос елінің экономикасы соңғы жылдары тұрақты өсіп келе жатқанына, әсіресе, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм салалары бойынша зор нәтижеге қол жеткізгеніне назар аударды.

Бөлісу