Негізгі Жаңалықтар Қазақстан жалпыкомандалық есепте екінші орында

Қазақстан жалпыкомандалық есепте екінші орында

#qyzylordatv 

Әлемнің 113 елінен 3000-нан спортшы қатысып жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының додасы тартысты ойындармен, жаңа рекордтармен толығуда. Қазақстан құрамасы ойындардың үшінші күнінде 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. 


Аударыспақтан 90 келіде Дарын Өткелбай және 100 келі салмақта Сырым Ізбасарв алтын медаль иеленсе, аса ауыр салмақта Нұржан Еркінұлы қола жүлдені қанағат тұтты. Құсбегіліктен ел құрамасы сапындағы 9 спортшының төртеуі жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтқанда, «қаршыға» бойынша Серікболсын Жалғасұлы алтын, «бүркіт» бойынша Арман Қошқаров күміс, «ителгі» бойынша Бақдәулет Бабажан күміс және Ерлан Кенжетаев қола медаль алды. Ал самбодан Болат Сапар алтын, Еркебұлан Нығметов пен Жандос Бейсенбаев қола жүлдеге ие болды. Қырғыз күресінен ауыр салмақтағы балуанымыз Алмас Жұмағали ақтық сында қырғыз елінің спортшысына есе жіберді. Жанкүйерлердің ерекше ықыласына ие болған арқан тартыстан құрама мүшелері «4x4» бағдарламасының ақтық сынында ирандық спортшыларды жеңді. Сондай-ақ, қол күрестен ұлттық құрама мүшелері 7 алтын, 4 күміс, 1 қола алып, медальдар қоржынын толтырды. 


Бөлісу