Негізгі Жаңалықтар Жолдауда жүктелген міндет: 217 мектеп, 655 медициналық мекеме салынды

Жолдауда жүктелген міндет: 217 мектеп, 655 медициналық мекеме салынды

#qyzylordatv 

Елде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы сәтті іске асты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа форматтағы мектеп бой көтерді. 


Жаңа білім ордаларының ашылуы 54 үш ауысымды және 12 апатты мектептің мәселесін толық шешуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 100-ден астам білім ордасында оқушы орындарының тапшылығы қысқарды. Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге де айрықша көңіл бөлінді. Ауыл-аймақта 655 аурухана мен медициналық пункт салынды. Бұған шамамен 119 миллиард теңге жұмсалды. Жаңа нысандар қажетті медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп жатыр. 

Бөлісу