Негізгі Жаңалықтар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Ел құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль еншіледі

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Ел құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль еншіледі

#qyzylordatv 

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары екінші күннің қорытындысымен ұлттық спорт түрлерінен жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына 4 алтын, 1 күміс және 5 қола – барлығы 8 медаль салды.


 Аударыспақтан 60 келіде Нұрталап Керім, 70 келіге дейінгі салмақта Сайлау Мұхаммеджан алтын медаль иеленсе, Расул Құрайыш 80 келіде күміс жүлдегер атанды. Жамбы атудың қырғыз стилінен сынға түскен Абзал Тұлыбеков жарыс жеңімпазы болды. Арқан тартудан «8x8» бағдарламасы бойынша Қазақстан құрамасы жеңіс тұғырынан көрінді. Алыштың классикалық стилінен 60 келі салмақ дәрежесінде күрескен Тұрмұханбет Қалмұхан қола жүлде еншілесе, осы салмақта еркін стильде күрескен жерлесіміз Жандос Әбубәкір үшінші орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ, алыш күресінен Қожагелді Нұрсұлтан еркін стильде 100 келіден жоғары салмақта қола медаль иеленді. Маст-рестлингтен 90 келі салмақта сынға түскен Есімбай Нұрсұлтан жарыстың қола жүлдегері атанса, қоржынға тағы бір қоланы отандастарымыз омыртқа сындырудан салды. Осылайша, Қазақстан құрамасы екінші жарыс күнін 4 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен қорытындылады.

Бөлісу