Құрманкүл Ерімбетова – 70 жаста
#qyzylordatv
«Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының төрайымы Құрманкүл Ерімбетова – 70 жаста. Осыған орай облыс орталығында арнайы жиын өтіп, мерейтой иесіне құрмет көқрсетті.
Құрманкүл Ерімбетова еңбек жолын мектепте мұғалімі болып бастап, кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы болды. Мұнан соң, Алматы мемлекеттік институтында қызмет атқарып, Қазақ гуманитарлық заң университеті жанындағы колледж директорының орынбасары лауазымында болды. Ал, 2008 жылдан бері «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының төрайымы қызметінде.
РУСЛАН КАЮПОВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерімен өзара іс-қимылды нығайта отырып, қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге және қоғамдық келісімді одан әрі орнықтыруға бағытталған кешенді жобалар іске асырылуда. Сіз қоғамдық ұйымдар арқылы түрлі әлеуметтік топтардың мәселесіне назар аударып, олардың ұсыныстары мен бастамаларын жүзеге асуына ықпал етіп келесіз.
Бүгінде Құрманкүл Ерімбетова жетекшілік ететін қауымдастық өңірдегі түрлі салада әлеуметтік жобалармен айналысып, ел ішіндегі күрмеулі мәселелердің шешімін табуына атсалысып келеді. Азаматтарға ақысыз негізде құқықтық кеңес беріп, сауатын ашқан. Жиында мерейтой иесінің осындай игі істері айтылып, облыс әкімінің арнайы құттықтауы табысталды.
ҚҰРМАНКҮЛ ЕРІМБЕТОВА – «ТУҒАН ЖЕР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Үкімкеттік ұйымның жұмысы бір адамға байланысты емес. Бұл сол әріптестерім, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қолдауымен, көмегімен жетістікке жетеміз. Сондықтан да бүгінге құттықтаулар тек менің құрметіме емес бүкіл үкіметтік емес ұйымдарға арналған құрмет деп ойлаймын.
Құрманкүл Сұлтанқызы білім-білігін, ақыл-парасаты мен мол тәжірибесін ізінен ерген буынға үйретіп, қоғамдық қызметте мықты шәкірттер тәрбиеледі. Бүгінде оның ұстаздық қамқорлығын көрген азаматтар ел дамуына сүбелі үлес қосып келеді.
ЗЕЙНАР ТӘЖИЕВА – «АҚ БОСАҒА» ӘЙЕЛДЕР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
Ол кісінің мұғалімдік тәжірибесі өз жұмысына үлкен септігін тигізді. Себебі, мұғалім ретінде. Өзінің жан-жағындағыларға жақсы білім беріп, жақсы тәрбие көрсетіп жүрді. Сонымен қатар ол кісінің жоба жасау тәжірибесі басқа жастарға үлке іс-тәжірибе болды. Ол кісі үйретті. Жастарды өзмен бірге алып жүріп, үкіметтік емес ұйымның әлеуметтік жобаларын орындау кезіндегі бүге-шүгесімен таныстырды.
Мерей той иесінің рухани және білімі әлі талай ұрпаққа азық болмақ.