Негізгі Жаңалықтар Кортеж ұйымдастырып, жол ережесін бұзғандар анықталды

Кортеж ұйымдастырып, жол ережесін бұзғандар анықталды

#qyzylordatv #заңментәртіп 

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері бірнеше жүргізушінің қала аумағында кортеж ұйымдастырып, жол ережесін бұзғанын анықтады.


 Көлік жүргізушілері жол ережесін елемей, маневр жасап, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзған және мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқарған.

Кортежге қатысқан барлық қатысушы анықталып, полицияға жеткізілді. Олар 20-35 жас аралығындағы Қызылорда қаласының тұрғындары. 6 құқық бұзушыға қатысты 15 хаттама рәсімделіп, айыппұл салынды. Бір автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Сондай-ақ қатысушыларға мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ресми ескерту берілді.


 МҰРАТБЕК МАНАТОВ – ОПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

 Полиция азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Әсіресе жолды бөгеп жүру, дабылқаққышты заңсыз пайдалану немесе қауіпті маневр жасау заңға қайшы әрекет болып табылады және міндетті түрде жауапкершілікке әкеледі. Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Мұндай фактілердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды және әрбір құқық бұзушылыққа заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі.

Бөлісу