Негізгі Жаңалықтар Мемлекеттік қызметшілер шахматтан бақ сынасты

Мемлекеттік қызметшілер шахматтан бақ сынасты

#qyzylordatv 

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы «GOVERNMENT CHESS CUP 2026» шахмат турнирінің облыстық іріктеу кезеңі өтті. Ақыл ой ойынына 50-ге жуық қызметкер қатысып, өзара бақ сынады. Тақта үстіндегі тартыста үздік шыққандар келесі кезеңге жолдама алады.  


 Мемлекеттік қызметкердің басты міндеті – халыққа адал қызмет етіп, іскерлік пен жаңашылдықты ұштастыру. Сонымен қатар зияткерлік мәдениетті дамыту да маңызды. Шахмат турнирінің негізгі мақсаты қызметкерлердің осы қабілеттерін шыңдау. Айта кетейік, бүгінде Сыр өңірі мемлекеттік қызметке орналасу көрсеткіші бойынша республикада бірінші орында тұр. 


 АҚЗАДА МАДАЛИЕВА – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 

Мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, ойла қабілеті дегенге өте мән беріледі. Сондықтан, бұл ұштасып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат ойыны жәй ғана ойын емес, ол ойлау қабілетін арттыратын ойын, деп өте жоғары бағалайды. Бүгінгі ойынның да маңыздылығы өте зор. Мемлекеттік басқарудағы шешім қабалдауға, ойлау қабілетін арттыруға ерекше рөл атқарады. 


ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ ¬¬- ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ 

 Соңғы жылдары Қызылорда облысы мемлекеттік қызметке қызығушылық кретери бойынша өңірлер арасында бірінші орында келе жатыр. Жұмысқа орналасқысы келетін жастардың саны өте көп. Бүгінгі таңда 20 ғана төменгі орындар бос тұр. Одан бөлек соңғы өткізілген біздің президенттік жастар кадр резервіне 3 бірдей жас резервке алынып, 50 үздіктің қатарына енді. 


Республикалық турнирдің іріктеу кезеңіне Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарының, облыстық басқармалар мен аумақтық бөлімшелердің қызметшілерінен жасақталған командалар қатысты. Олар швейцариялық жүйе бойынша сынға түсіп, мықтыны анықтады. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты партиялар өткізді. «Мұндай додалар қызметкерлердің ми тынықтырып, стратегиялық ойлау қабілетін шыңдайтын алаң», дейді жарысқа қатысушылар. 


 БИЖАН ҚАЛДЫБЕКОВ – ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ

Мемлекеттік қызметшілер арасында шахмат ойыны бойынша сайыстар соңғы жылдары жиі өткізіледі. Қатысушылардың да саны көбейіп келеді. Қазіргі кезеңде екі ойын болды. Екі ойында да ұтысқа жеттім. Қарсыластарым да осал емес. Ережесі бойынша ойынша 10 минут беріледі. Тез ойлап, жылдам ход жасау керек. 


 Жарыс нәтижесі бойынша Сырдария ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Ержан Бейімбетов, облыстық аумақтық иннспекцияның бас маманы Бижан Қалдыбеков, Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Нұржан Есенәлиев, облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қызметкері Ләйлә Әбдуәли бірінші орынды иеленді. Облыстық іріктеуден өткен ойыншылар енді республикалық кезеңде өнер көрсетеді. Финалдық ойын қазан айының соңында Астана қаласында өтеді. 

Бөлісу