Ақхалаттылар волейбол ойнады
#qyzylordatv
Ұрпақтар сабақтастығы мен ұжымдық рухтың үлгісі. Қарттар күні мен Республика күніне орай медицина қызметкерлері ақ халаттарын спорттық киімге ауыстырды. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа алаңында волейболдан тартысты турнир өтті.
«Адреналин», «Дарын», «Серпін», «Достық» және 60 жастан асқан денсаулық сақтау саласының ардагерлер құрамасы секілді бес команда жарыстың көркін қыздырды. Мекемеде ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер құрметті қонақ ретінде ғана шақырылған. Олар спорт алаңында өз өнерін паш етіп, жастарға үлгі көрсетті. Дәстүр бойынша аға буын өкілдеріне шапан жабылды. Турнир жүлдегерлері мен қатар үздік ойыншылар да арнайы сыйлықтарға ие болды.