Атом саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
#qyzylordatv
Қарттар күнінде «Kazatomprom» ұлттық атом компаниясы сала ардагерлеріне құрмет көрсетті. «Өнегелі жол – ұрпаққа аманат» атты мерекелік шараға 100-ге жуық зейнеткер қатысып, марапат төрінен көрінді.
«Kazatomprom» ұлттық атом компаниясы 30-жылға жуық жемісті еңбек етіп келеді. Алпауыт компания жер қойнауынан уран өндіріп қана қоймай, еліміздің әлеуметтік дамуына серпін сыйлайтын жобаларды жүзеге асыруда. Мұнан бөлек, еншілес кәсіпорындарда аға буын мен жас мамандардың арасында ерекше байланыс бар. Қарттар күніне ұйымдастырылған бұл шара осының дәлелі.
НҰРИДДИН АМАНҚҰЛ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Биылғы жылдың 8 айында облыста атом саласы кәсіп орындарында 108 млрд.теңгеге жуық өнім өндірілген болатын. Жалпы өткен жылғымен салыстырғанда 7.5 пайыз өсімге қол жеткізді. Барша сала мамандарына өңірдің дамуына қосып отырған үлестеріңіз үшін алғысымызды айтамыз.
СЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Мұндай кездесулер аға буынға деген құрметтің нақты көрінісі ғана емес, сонымен бірге ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын маңызды бастама. Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсауылық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амадық тілеймін.
Салтанатты шарада саналы ғұмырын атом саласының дамуына арнап, қажырлы еңбегімен кейінгі ұрпаққа өнеге болған ардагерлерге құрмет көрсетілді.
ҚАЛЖАН ҚҰЛТАСОВ – АТОМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ Жаңақорған ауданындағы Байкенже елдімекенінде орналасқан «Қызылқұм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде
14 жыл көлемінде жұмыс жасадым. Зекйнеткерлікке шыққаннан кейін де зейнеткерлер мен мекеме басшылығы жақсы қарым-қатынас орнатып тұрады. Зейнеткерлерімізді санаторияға жіберіп тұрады. Жағдайға қарап, көмек қолдарын созып тұрады.
Иә, дария көңіл қарияларды құрметтеу кейінгі ұрпақтың басты парызы. Алпауыт команияға еншілес ұйымдар қашанда қарттарды қадір тұтады. Себебі, аға буынның жүріп өткен жолы бізге өнеге, дейді ұйымдастырушылар.
ЖАНДОС ӘБДІМӘУЛЕНОВ –«РУ-6» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
Ардагерлер ұйымымен біз әрдайым тығыз байланыста жұмыс істеп, жас мамандар мен ардагерлер арасында үлкен кездесулер, ақылдасулар болады. Ардагерлеріміздің еңбегі көп. Сол кісілерге алғысымызды айтамыз.
Салтанатты шара өнерпаздардың мерекелік бағдарламасымен қорытындыланды.