Негізгі Жаңалықтар Ақыл-ой аламаны

Ақыл-ой аламаны

#qyzylordatv 

Өңірде «Ел-Арай» қоғамдық қорының бастамасымен «Саналы ұрпақ» жобасы жүзеге аса бастады. Жобаның мақсаты - әлеуметтік санатқа жататын дарынды жастарға қолдау көрсетіп, олардың маман атануына мүмкіндік жасау.  


Ол үшін қоғамдық қор өкілдері өңірде қазақша квиз ұйымдастыру арқылы «Саналы ұрпақ» жобасын жандандыруды көздейді. Зияткерлік сайысына командалардан түскен жарна қайырымды іске бағытталмақ. Қазақша квиз ойындарына 23 команда қатысып жеті кезең бойынша сынға түсті. Оларға сұрақтар тест, сурет, тақырып, медиа салалары мен үш әріпті және күрделі сауалдар қойылды. Соңғы турда қатысушылар үшін тәуекелге бел байлауға да мүмкіндік бар. Ақыл-ой аламанында 44 ұпай еншілеген «Тұран» тобы жеңімпаз атанса, ІІ орынды 41 ұпаймен «DIAMONDS» командасы, үшінші орынды қоржынға 40 ұпай жинаған «100 теңге» тобы түйіндеді. Жеңімпаздарға естелік медальдар мен арнайы кубоктар табысталды. 


 АЗАМАТ ӨМІР – «ЕЛ-АРАЙ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «Ел-Арай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қазақша квиз зияткерлік сайысын өткізіп жатырмыз. Бұл сайыстың мақсаты жарнадан түскен қаражатқа «Саналы ұрпақ» жлобасын жүзеге асыру. Жобаның мақсаты дарынды, білімді, әлеуметтік санатқа жататын 10-11 сынып оқушыларын ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындап, оларды жоғары оқу орнына грантқа түсіру жоба аясында билы 30 жасты


Бөлісу