Негізгі Жаңалықтар Жайдарманның жаңа маусымы басталды

Жайдарманның жаңа маусымы басталды

#qyzylordatv 

Өңірде жайдарманның жаңа маусымы басталды. «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған фестивальге 11 команда қатысты. 


«Жайдарман» - жастардың басын қосып, креативті индустрияны дамытатын алаң. Жыл сайын ерекше тақырыптарды таңдайтын жобаның биылғы маусымы «Заң мен Тәртіп – Әділетті Қазақстан үшін!» ұранымен өтеді.


 ЖАНДОС БАЗАРТАЙ – «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ Биылғы маусымашар фестивалі өте ерекеше. Тақырыптың өзі біздің Президентіміздің бастамасын білесіздер қоғамда заң мен тәртіп қағидасын насихаттау. Ілгерлету. Соны жүзеге асыру мәселесі. Жалпы жайдарман қоғамдағы проблемалық мәселелерді әзіл арқылы халыққа жеткізу жайдарманның негізгі мақсаты.  



 Маусымашарға өңірдегі жоғарғы оқу орындары, колледж, мектеп пен аудандардан 11 команда қатысты. Олар көңілді тапқырлар алаңында әр әзілімен қоғамдағы қордаланған мәселені көрсетуге тырысты.


 Биылғы маусымның ерекшелігі қазылар алқасы өзара командаларды бөліп алып, бағыт-бағдар беріп, шығармашылық тұрғыда қолдау көрсетеді. Бұл – жас жайдарманшылардың сахнадағы шеберлігін арттырып, жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.


Жаңа маусымның тағы бір тұсы – жыл көлеміндегі ойындарда үздік нәтиже көрсеткен командаларға арнайы сыйлықтар мен марапаттар табысталатын болады. Мәселен, фестивальдің алғашқы ойынында арнайы кубок оқушылардан құралған «AMG» командасына бұйырды. Ал, 50 мың теңге қаржылай сыйлықты Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінен келген «Арбаттың бойы» командасы иеленді.

Бөлісу