Қала күніне тарту: Сыр төрінде ауқымды гала концерт өтеді
#qyzylordatv
Санаулы минуттардан кейін «Қайсар-Арена» стадионында қала күніне орай «Мерейлі мерекеңмен Қызылорда» атты гала концерт басталады. Туған қаланың тарихын ұлықтап, бүгінгі жетістігін жарқырата көрсететін думанды шараға елімізге танымал өнер иелері арнайы қатысады. Телеарнаның түсірілім тобы дәл қазір стадионнан тікелей эфирге қосылмақшы. Айдана, мерекелік шараға дайындық қалай жүріп жатыр?