Негізгі Жаңалықтар Тауарлы балық шаруашылығына қолдау артып келеді

Тауарлы балық шаруашылығына қолдау артып келеді

#qyzylordatv 

Аймақта тауарлы балық шаруашылығына қолдау күшейіп келеді. Тоған салып, балық өсіремін дейтін мамандарға субсидия бөлініп, жеңілдетілген несиелер берілуде.


 Қала іргесіндегі Ақсуат ауылдық округінде орналасқан бұл шаруашылық 2021 жылдан бастап балық өсірумен айналысып келеді. Балықты нарыққа шығарумен қатар көлдерді шабақтандырумен айналысады.  


 МҰХТАР НҰРТАЕВ – «АГРОБАЛЫҚ МА» ШҚ БАЛЫҚ ӨСІРУШІСІ

 Комитеттің, ауыл шаруашылығының арқасында жеңілдіктерін пайдаланып отырмыз. Алатынымыз субсидиялар ғой. Жем, шабақ бағытында алып отырмыз. Биыл Қазақстанның жемін пайдаланып көрдік. Алдында шетелдік жемді пайдаланытынбыз. 30 пайызбен алатынбыз. Жылына 6-7 тонна жем пайдаланамыз. Бізде балықтың 3 түрі бар, амур сазан, толстолоб. 200 гектар жердің 23 гектары тоған, 45 гектары көл. Көлді шабақтандырып отырмыз. Қалғаны сатылады.


 Облыс экономикасының дамуында балық шаруашылығының өз орны бар. Бүгінде Арал-Сырдария бассейндік су жүйесі бойынша кәсіптік балық аулаудан тауарлы балық шаруашылығына басымдық беріліп жатыр дейді мамандар. Кәсіпкерлерге субсидия 5 бағыт бойынша берілсе, жеңілдетілген несиелердің де саны ұлғайып келеді.


ЕРБОЛ БӨЛЕКЕЕВ – АРАЛ-СЫРДАРИЯ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

2021 жылы қабылданған Өңірлік бағдарлама аясында Қызылорда облысында тоған шаруашылығы, шарбақтық, тұйық жүйелі сулармен өсіретін шаруашылықтар тауарлы балықтарды өсіріп, игіліктеріне тұтынып жатыр. Мемлекеттік қолдау шаралары да жүзеге асып жатыр. Жеңілдетілген несиелер, балық шаруашылығына субсидиялар беріліп жатыр.


 Балық өсіретін шаруашылықтар саланы дамытумен қатар, табыс табуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және табиғи ресрустарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл бағыт бойынша дамуда динамика бар. Тауарлы балық көлемі облыс бойынша 2025 жылы 1400 тоннадан жоғары болса, биыл 2700 тоннадан асқан. 

Бөлісу