Негізгі Жаңалықтар Пиротехника сатқан да, атқан да айыппұл арқалайды

Пиротехника сатқан да, атқан да айыппұл арқалайды

#qyzylordatv 

Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату және талаптарға сай келмейтін өнімдерді қолдану деректері жиілейді. Осы орайда өңірдің тәртіп сақшылары профилактикалық бақылауды күшейтіп, жазатайым жағдайлардың алдын алу шараларын бастап кетті.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы Ердәулет Жаукеев ахуалдан ақпар берді. Елімізде 10 қараша мен 3 қаңтар аралығында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылмақ. Негізгі мақсат сертификатталмаған өнімдердің заңсыз айналымына тосқауыл қою. Аталмыш бастама аясында қазірдің өзінде 18 рейдтік шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ, департамент тарапынан білім беру мекемелерінде оқушыларға түсіндірме жұмыстары күшейтіліп, арнайы ақпараттық дәрістер өткізілуде. Айта кетейік, пиротехниканы рұқсатсыз сатқан да, атқан да жазасыз қалмайды. Мәселен, көпшілік орындарда отшашу атып, қоғамдық тәртіпті бұзғандарға 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынбақ.      


Бөлісу