16 млн теңгесін алаяқтарға бере жаздады
#qyzylordatv
Интернет-алаяқтың арбауына түскен қызылордалық асығыс шешім қабылдап, өзінің және әйелінің атына бірнеше банктен несие алған. Киберполиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның 16 миллион теңгесін алаяқтардың қолына түсуден сақтап қалды.
Өзін банк қызметкерімін деп таныстырған бәзбіреу 57 жастағы қала тұрғынының сеніміне кіріп, оның өзі мен жұбайының атынан бірнеше банктен 16 миллион теңге несие рәсімдеткен. Содан кейін азаматты қаражатты белгісіз шотқа аударуға көндірмек болған. Алайда тұрғын күмәнді әрекеттерді байқап, дереу полицияға хабарласқан. Киберполиция қызметкерлері жедел шара қолданып, 16 миллион теңгенің алаяқтардың қолына түсуіне жол бермеді.
Осы орайда полиция қызметкерлері азаматтарды бейтаныс адамдардың телефон арқылы айтқан нұсқауларына ермеуге және ешқандай есепшотқа ақша аудармауға шақырады.