Ғалымдар ірі өндіріс ошақтарын аралады
#qyzylordatv
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ғылымды дамыту мен отандық әзірлемелерді өндіріске енгізуді елдің технологиялық жаңғыруы мен бәсекеге қабілеттілігінің негізгі бағыты ретінде айқындап берді. Осы бағытта облыс орталығында ғылыми-технологиялық сессия өз жұмысын бастады. Іс-шараның алғашқы күнінде қызылордалық ғалымдар қаладағы ірі өндіріс ошақтарын аралап, олардың жұмысымен танысты. Тілші бейнематериалында толығырақ.