Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Арал ауданының тұрғындарымен онлайн режимде кездесу өткізді. Жиын барысында қолданыстағы заңнама шеңберінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал, қатысушылар вице-министрмен еркін пікір алмасып, заң тұрғысынан көкейде жүрген сауалдарын қойып, сәйкесінше тұшымды жауаптар алды.