Аймағымызда алғаш рет ауыл балалары арасында «QYZYLORDA CUP» облыстық турнирі өтіп жатыр. Іріктеу кезеңі Арал ауданында өтті.

Жарыстың ерекшелігі — іріктеу кезеңі барлық ауданда болып жатыр. Ең үздік шыққан командалар Қызылорда қаласында өтетін финалдық бәсекеде облыс чемпиондығын сарапқа салады. Ауқымды додаға аймақтың 7 ауданы мен Қызылорда қаласынан 140-тан астам футбол ұжымы қатысып, 3 мыңнан астам жасөспірім бақ сынауда. Жарыс төрт айға жалғасады.