Қала іргесіндегі Қызылжарма ауылында құрылыс материалдарын сататын дүкен отқа оранды. Салдарынан бір-біріне жапсарлас салынған тұрғын үй мен темір контейнер және құрылыс заттары тып-типыл жанып кетті. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаға алаңдаушылық білдіріп, «өз еңбегімен көтеріліп келе жатқан қарапайым отбасы еді» деп жазуда.

Өрт кеше кешкі сағат жеті жарымның шамасында тұтанған. Төтеншеліктер таратқан ақпарға сүйенсек, қызыл жалынды ауыздықтауға 30-дан аса қызметкер мен 13 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 2 газ баллонын алып шыққан. Абырой болғанда адам аман. Бүгінде сараптама тағайындалып, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.