Лицензиясыз алкоголь сатып, заңсыз темекі саудалағандардың әрекеті әшкереленді. Өңірімізде жыл басынан бері екі мыңнан аса заңсыз алкоголь мен темекі өнімдерін сату фактісі тіркелген. Заңсыз айналымдағы өнімдер сот үкімімен тәркіленді. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде өткен жиында айтылды.


Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы күн тәртібінен түспейтін ең өзекті мәселенің бірі. Облыс аумағында 5 айдың ішінде 1717 алкаголь, 141 қорап темекі, 3978 тонна мұнай өнімінің заңсыз айналымының жолы кесілген. 

Мемлекеттік кірістер комитеті акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын тоқтату және нарықтың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүйелі түрде іске асырып келеді. Кешенді жұмыс бірілескен түрде іске асуда. Ол үшін бірқатар заң органдарымен арнайы меморандум жасалған. 


Айта кетейік, сапасы сыннан өтпеген, құрамы белгісіз акцизделуді талап ететін өнім ең алдымен денсаулыққа қауіпті. Сондай-ақ, акциз түріндегі тиісті салықтардың бюджетке түспеуіне алып келеді.