Аймақта әскери тікұшақтың көмегімен әуеден бақылау жүргізіліп, соның нәтижесінде Абай және Бірқазан ауылдарының маңында есірткі өсірудің 2 дерегі тіркелді. Атап өту керек, елімізде есірткі қылмысының алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Қарасора-2026» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. 


Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, іс-шара басталғалы облыс көлемінде барлығы 9 құқықбұзушылыққа тосқауыл қойылды. Оның 8-і – есірткі өсіру, 1-і – есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылық. Есірткі өсіру дерегінің үшеуі далалық аумақта, бесеуі тұрғын үйлердің ауласында анықталып,айғақ заттар тәркіленді. Ал есірткі өсірумен айналысқан 5 адамға қатысты заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданды.