Мемлекет басшысы «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай енгізудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанды алдағы үш жыл ішінде толыққанды цифрлы мемлекетке айналдыру міндетін қойған болатын. Бүгінде бұл бағытта нақты жұмыстар қолға алынды. Елордада жасанды интеллект технологияларын дамытуға арналған Alem.ai орталығы ашылып, екі суперкомпьютер іске қосылды. Алдағы кезеңде деректерді өңдеу орталықтарының алқабын құру жоспарланып отыр. Сарапшылардың пікірінше, «Digital Kazakhstan» стратегиясы осы бастамаларды жүйелеп, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті ел экономикасының барлық саласына кеңінен енгізуге мүмкіндік береді.