Қызылордада кәмелет жасқа жетпей автокөлік тізгіндеген жасөспірім ұсталды. Жасөспірім қала көшелерінде қарама-қарсы бағытқа шығып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Оның бұл әрекетін жедел басқару орталығының қызметкерлері байқап, патрульдік полицияға бағыт-бағдар берген. Көп ұзамай желіккен жас қолға түсті.